Риддерде тағы төтенше жағдай: үйлер мен аулаларды су басты
Сурет: pixabay
2023 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні Хайрузовка өзенінде су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан Киров, Өскемен және Хариузовский көшесі бойындағы жеке сектордың төрт ауласын су алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Риддер қаласының төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жеркілікті тұрғындарфн хабардар етті.
Күштер мен құралдар ықтимал эвакуация жағдайында дайын.
"Халықты уақытша орналастыру үшін Риддер әкімдігі Риддер колледжі ғимаратында жедел түрде уақытша орналастыру пунктін дайындады.Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты. Риддер әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары аулалар мен үй маңындағы суды сору үшін мотосорғылар қолданды, мұзды тазалап, өзен арналарына қарай еңіс жасау үшін арнайы техникалар тартылды". ШҚО ақпарат орталығының баспасөз қызметі
Сонымен қатар қала әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасынан келтірілген залалды бағалау үшін комиссия құрды.
"Төтенше жағдайдың салдарын жоюға жергілікті әкімдіктен, ШҚО төтенше жағдайлар департаментінен және полиция департаментінен барлығы 20 адам мен 7 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды. Мониторинг жүргізілуде", – деп хабарлады жергілікті әкімдік.
Ведомство жағдай бақылауға алынғанын, келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылғанын хабарлады.
Риддер қаласын сумен, жылумен, электрмен қамту толық көлемде қамтамасыз етілген. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы аттанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript