Өскеменде құйрығы мұзға қатып, су ортасында қалып кеткен ит құтқарылды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде Новаторов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ит судағы бетон тіреуішке құлап кеткен. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері су ортасында бетон үстіндегі мұзға құйрығы қатқан жануарға көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайықпен итке жеткен құтқарушылар жануардың құйрығы бетон плиткаға мұз болып, жабысып қалғанын анықтады.
"Олар көмекке мұқтаж жануарды жылытқан соң, оны бірден құрлыққа жеткізді. Өңірде аяз әлі де күшінде, сынап бағаны -20 градус суықты көрсетіп тұр. Бүкіл құтқару операциясы кезінде ТЖ қызметінің қызметкерлері итке ұқыпты қарап, оның мұз құрсауынан аман-есен босауы үшін барын салды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, Ақтауда көшеде аязда қатып қала жаздаған қоқиқаздың екі балапаны құтқарылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript