Қайрат Сатыбалды мемлекетке 120 миллион доллар қайтарды
Сурет: gov.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттіктің 20 желтоқсан күні таратқан мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың желтоқсан айында қабылданған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.
"Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.
"Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің баспасөз қызметі
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript