ШҚО-да тау шаңғысы базалары маңында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Температураның күрт өзгеруі, жел және жаңбыр түріндегі жауын-шашын салдарынан Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында қар жамылғысының тұрақсыздығы байқалады. Төтеншеліктер тау шаңғы базаларына жақын маңда қар көшкінін қолдан жүргізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірде "Қазселденқорғау" мамандары қар көшкіні қаупі бар бағыттарда жиналған қарға бақылау жүргізуді ұйымдастырды.
"Бірден бірнеше тау шаңғысы базалары орналасқан "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" тас жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаллпы көлемі 3000 текше метр жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді", - деп атап өтті "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД және ШҚ "Қазселденқорғау" филиалы азаматтардан, таулардағы демалыс әуесқойларынан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
"Тауға шықпас бұрын ауа-райы болжамын және дауыл туралы ескертулерді қадағалаңыз, ол үшін "Дармен"мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.Қар көшкіні қаупі бар жерлерде автожолдарда, тоқтауға, аялдауға болмайды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript