Қазақстанның қос өңірінде екі тас жол жабылды
Сурет: pixabay
12 наурызда сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысындағы республикалық маңызы бар екі тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 шақырымды құрайтын тас жолда (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)
- "Самара-Шымкент" - Ақтөбе қаласы - Ырғыз ауылы (жүк және қоғамдық көліктер үшін)
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын тас жолда (қар көшкіні қаупіне байланысты)
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары" - Ушановское ауылы - Алтай қаласы (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript