Түркістан облысында тоқ соғып, үш баланың қаза тапқаны туралы ақпарат жоққа шығарылды
Сурет: freepik
Елімізде кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Түркістан облысында тоқ соғып, үш баланың қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған ақпаратта балалардың ток көзінде тұрған телефонды ұстағаны айтылады. Интернетте тараған аудио хабарлама жанында сурет те қосақталып жүр.
Сурет: stopfake.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мұның фейк екенін айтты, деп жазады Stopfake.
"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ток көзінде тұрған телефонды ұстаған үш баланы тоқ ұрып, мерт еткені туралы жалған ақпарат тарады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Болған оқыс оқиғаның Қазақстан Республикасының аумағына қатысы жоқ".
Дүрбелең мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ресми ақпарат көздерін ұстанып, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуды сұраймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript