ШҚО-да өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үй ішінен үш газ баллонын алып шықты
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
26 наурызда Глубокое ауылының Калинин көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ағаш конструкциялары, аралық қабырғалар, жиһаз, жеке заттар өртеніп жатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, үш газ баллонын сыртқа алып шықты.
"Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарының бұзушылығы. ШҚО ТЖД азаматтардан тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Электр сымдары мен пештің жағдайына ерекше назар аударыңыз". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Алдында Ақтауда екіқабатты коттедж өртенгені хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript