Қызыл су басқан Үлкен Нарын ауданындағы жағдай бақылауда
Сурет: ШҚО баспасөз орталығы
29 наурызда жаңбыр жауып, қардың белсенді еруі салдарынан қызыл су деңгейі 20-25 см-ге дейін көтерілді. Үлкен Нарын ауылындағы 11 және Алтынбел ауылындағы 10 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Суды бұру жұмыстарының нәтижесінде Ново-Хайрузовка, Көкбастау және Жұлдыз ауылдарына қызыл су жетпеді.
"Жағдай бақылауда. Аталған төтенше жағдай бойынша ШҚО ТЖД-ның 92 қызметкері, сондай-ақ әкімдік пен әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Сондай-ақ 16 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Аула аумақтарынан қар суы мотопомпамен сорылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр", - деді Үлкен Нарын аудан әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Сурет: ШҚО баспасөз орталығы
Айта кетейік, барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
"Арықтарды, өзен арналарын кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Қосымша 1000-нан астам қап төселді. 190 адамға арналған уақытша орналастыру пункттері ашылды. Қазіргі уақытта елдімекендердегі жағдай тұрақты.
Сурет: ШҚО баспасөз орталығы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript