Түркістан облысында ауылдың кіре берісіндегі аркаға жүк көлігі кептеліп қалды
Фото: zakon.kz
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Жібек Жолы ауылының кіреберісіндегі арканы жүк көлігі бүлдіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ебедейсіз жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалып, желіде тарады.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсінік бере кетті.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жағдайға:
"Сайрам ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "Шымкентжолқұрылыс" ЖШС қызметкерлерінің өз міндетіне немқұрайлы қарауы түрткі".
Сондай-ақ, компания басшылығы кіреберістегі арканы жөндеуді өз мойнына алғаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript