Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында құлынын құтқармақ болған жігіт өзі суға кетіп қала жаздады

Полицей, Түркістан облысы, суға батқан жігіт, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 22:23 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында патрульдік полицейлер суға батып бара жатқан азаматты құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалғаны хабарланды. Республикалық маңызы бар Сарыағаш – Жетісай – Жібек Жолы тасжолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді.


"Еш ойланбастан полицей Сағынбаев суға секіріп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады", делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқайды. Малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы қалыпты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: