Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Zakon.kz
Сейсмолог мамандар бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 15 сәуірде жапон сейсмологтары соңғы қатты жер сілкінісін зерделеу үшін Алматыға келетіні хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript