Түркістан облысында жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршін өлі күйінде табылды
Сурет: pixabay
16 мамырда Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген үш жасар қызының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. 18 мамырда түнде баланың денесі көршінің әжетханасынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы алдында бүлдіршіннің жоғалғанын айтып, дабыл қаққан журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Үш күн іздеген үш жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып-ек…Әттең ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште", делінген жазбада.
Айта кетсек, бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript