Түркістан облысында бананның алғашқы өнімі жиналды
Сурет: Almaty.tv
Сайрам ауданының жылыжайында, 9 ай бойы піскен банандардың алғашқы өнімдері жиналды. Жақында олар Алматы мен Шымкент базарларына түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аlmaty.tv ақпараты бойынша, өндірушілердің уәдесімен жергілікті банандар импортталғандарға қарағанда арзанырақ болады.
Бір ағаштағы жемістің салмағы 40 килограмнан асады. Олар жылына бірнеше рет егін жинауды жоспарлап отыр.
"5 гектарда 9 мың ағаш бар. Алғашқы егіннен бастап 600 тонна жинауды жоспарлап отырмыз. Болашақта банандарды жылына 2-3 рет жинау ойда бар. Жалпы, 12 айда 2000 тоннаға дейін жеміс алу мақсатымыз".Кәсіпкер Ислам Әлиев
Енді фермер авокадо өсіруді де қолға алғысы келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript