Жаңалықтар тізбегі
0

Бірінен-бірі қалыспайды: Еліміздің бірқатар өңіріндегі полиция бастықтары жүйелі жемқорлық үшін сотталды

Бірінен-бірі қалыспайды: Еліміздің бірқатар өңіріндегі полиция бастықтары  жүйелі жемқорлық үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 15:22 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың мамыр айында еліміздің түрлі өңірлерінде ішкі істер органдарының басшылары сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А. А. Тернопольскийге және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.

"Ол жүйелі негізде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айыра отыра айыппұл салынды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Сонымен қатар, осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Р. А. Байтанбалиев және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы М.Б. Ербаков, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін – №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Д.Т. Биекенов сотталды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты.

"ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады",- деп толықтырды агенттік.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Есіл ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Е. Жұманов 5 жылға шартты түрде сотталды.

Ол ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатқаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Бұдан өзге, Ақтөбе облысының аудандық сотымен облыстық полиция департаменті Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. М. Ерғалиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

"Ол мемлекетке 243 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соққан заттай дәлелдемелерді (612 мыңнан астам қорап темекі) жеке меншікке заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", делінген ведомство хабарламасында.

Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ш. Қалмұрзаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған.

Барлық сотталған адамдар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: