ШҚО-да үш жасар қыз бала өзенге батып кетті
Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз жүрген 2021 жылы туылған қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 2 маусымда Ұлан өзенінде болды.
"Бүгін Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде, алдын-ала болжам бойынша ата-анасының қарауынсыз болған 2021 жылы туылған бала суға батып кетті. ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмері арқылы хабар беріңіздер", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2 маусымда Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript