Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті
Сурет: pxhere
5 маусымда екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде хабарлады.
"2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. Себебі - судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда.
"Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - деп ескертті ведомство баспасөз қызметі.
2 маусымда ШҚО-да үш жасар қыз бала өзенге батып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript