Өскеменде 21 жастағы жігітті құтқару сәті видеоға түсіп қалған
Сурет: видеодан алынды
10 маусымда Өскеменде көпқабатты тұрғын үй тұрғындары бесінші қабаттың терезесінде 21 жастағы жігіттің аяғын салбыратып отырғанын көріп, алаңдаушылық танытқан. Олар ТЖД-ға хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келген құтқарушылар шатыр арқылы бесінші қабатқа жету, сөйтіп адамның құлауына жол бермеу туралы шешім қабылдады.
"Альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарушы Аслан Советов жоғарыдан бесінші қабат терезесіне түсіп, күтпеген жерден ер адамға тап беріп, оны пәтердің ішіне ептілікпен итеріп кіргізді. Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript