Жаңалықтар тізбегі
0

Германияда жоғалып кеткен қазақстандыққа күйеуі мен қайын енесі күш көрсеткен болуы мүмкін

Германияда жоғалып кеткен қазақстандыққа күйеуі мен қайын енесі күш көрсеткен болуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 09:27 Сурет: бейнежазба скриншоты
Германияда жоғалып кеткен қыздың ата-анасы қызын уайымдап жанын қоярға жер таппай жүр. Германияға іздеп барайын десе, виза әлі дайын емес. Туыстары Айгүлдің жоғалуына оның күйеуі мен енесінің қатысы бар деп күдіктенуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK-ның мәліметінше, Айгүл Сайлыбаева күйеуі ұратынын құрбыларына айтқан.

"Оны Айгүлдің құрбыларынан білдім. Өзі солармен сөйлескенде видеобайланыспен басын, төбесінің үстінен өзі көзі жетпей, айнада көре алмағаннан, кейін видеоға көрсетіпті. Сол кезде қыздары көріп сурет жасаған. Көгерген, қызарған жерлері бар. Құлағында, жағында ісіп кеткен жерлер болғанын қыздардан естідім.ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі".Қанат Сайлыбаев, А.Сайлыбаеваның інісі

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Астанадағы Сарыарқа ауданы сотында судья болып қызмет еткен. Осыдан бес жыл бұрын елдегі банктердің бірінің экс-директорының немересі Александр Донцовқа тұрмысқа шығып, шетелге қоныс аударған.

"Айгүл соңғы кезде бейнебайланысқа шығудан қашқақтайтын. Донцовтар отбасы бірдеңені жасырып отыр, өйткені, олар әуелі телефонға жауап бермей қашты, кейін үйдің мекенжайын айтпай, уақыт созды. Тіпті "адам жоғалды" деп полицияға шағымданбаған", - дейді Қанат Сайлыбаев.

Олардың үш жастағы қызы бар. Қазір әкесінің қолында. Айгүлмен байланысқа шыға алмаған туыстары 5 маусымда Қазақстанның Франфуркт қаласындағы бас консулдығына жүгінген. Елшілік полиция іздеу жұмысын бастағанын хабарлады.

"Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Біздің дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Қазіргі таңда неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алуға туралы және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға көмектесуге жұмыс жүргізіп жатырмыз".Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: