Өскеменде гараждағы шұңқырға құлаған ер адамды бетон конструкциясы басып қалды
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскемен қаласында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы гараждағы шұңқырға құлаған 40 жастағы ер адамды бетон конструкциясы басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, зардап шегушіге көмектесті. Ер адам есін жоғалтапаған.
"Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар да болып, олар да зардап шегушіге көмектесуге тырысты. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар ауыр бетонды көтеріп, ер адамды ақырын алып шықты. Одан соң оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, Астанада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы бойынша 15 факт тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript