Алакөлде жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды
Сурет: ҚР ТЖМ
2024 жылы 30 маусымда ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында ата-анасының қарауынсыз қалып, жоғалып кеткен қыз балаға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде адасып жүрген 2017 жылы туылған қыз баланы тапты.
"Белгілі болғандай, қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады", делінген хабарламада.
ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!
Айта кетсек, 29 маусымда Алакөлде катамаран аударылып, бес адам суға батып кете жаздады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript