Түркістан облысында аптап ыстықтан бүлінген жол қалпына келтірілді
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
27 маусымда Түркістан облысында аптап ыстыққа байланысты республикалық маңызы бар М-32 “РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент” автожолының учаскесінде цементбетон жабынының плитасы көтеріліп кеткенін хабарлаған болатын. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметінше, бүгінде жол қалпына келтірілді.
Ведомство ақпаратынша, қазіргі таңда жол пайдаланушыларына қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді.
"Түркістан облыстық "КАЖСервис" мекемесінің филиал мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 29 маусым күні жол жабынын қалыпқа келтірді. Республикалық маңызы бар автожолдарда ақауларды байқасаңыздар, 1403 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз"."ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, "Тараз-Қайнар" тас жолының (244 шақырым) бөлігіндегі ақау да қалпына келтірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript