Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды
Сурет: Zakon.kz
Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Екібастұз қаласында "Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын",- делінген ақпаратта.
2024 жылғы 28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Нәтижесінде № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды.
Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.
Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.
Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті оқиғаға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
2024 жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғыртуды жеделдету қажет екенін мәлімдеді. Оның ішінде Екібастұздағы ГРЭС туралы да сөз болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript