Ауғандық азамат Қазақстанда 15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан азаматына есірткі контрабандасы туралы іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған тағылған айыптар:
- ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),
- 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не өткізу) айыпталған.
Сотта анықталғандай, Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы, адамдар тобында ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 килограммнан астам метамфетамин психотроптық затын «Кола» сусынының ыдысына жасырып кұйып, заңсыз өткізген. Одан әрі, осы психотропты заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлерімен құрықталған.
"Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады". Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі
Сот үкімі күшіне енбеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript