Шымкенттегі хайуанаттар бағында нағыз "бейби-бум" орын алды
Сурет: pxhere
2024 жылғы 12-16 маусым аралығында Шымкент хайуанаттар бағында 3 еуропалық кербұғы төлдеді. Қуанышты жаңалықпен зоосаябақ өкілдері әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зообақтың жаңа тұрғындарының суреттері 16 шілде күні Instagram-да жарияланды.
Жазбада қодығалардың айналаға бой үйренісіп кеткені де айтылды.
"Аналық кербұғылар болса қодығаларға аса жауапкершілікпен қарайды және қасынан ұзаққа тастамайды. Алдағы 3-5 ай аралығында қодығалар сүтпен қоректенеді және 1 жылға дейін аналық кербұғының қамқорлығында болады",- делінген жазбада.
Сондай-ақ, олардың өздерін жақсы сезінетіндігі де хабарланды.
"Өздері тұратын аумақта шеңбер болып айналыып жүгіргенді ұнатады. 3 қодыға бір-бірмен өте жақсы байланыста және бірге ойнағанды жақсы көреді". Шымкент хайуанаттар бағы
Айта кетейік, аталмыш хайуанаттар бағы 10 шілде күні де жағымды жаңалықпен бөліскен болатын. Нақтыласақ, зоосаябақтың ерекше тұрғыны қуызмүйізділер тұқымадасының өкілі зубр жануары төлдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript