Алматы маңында Оңтүстік Кореяның жетекші университетінің филиалы ашылуы мүмкін
Сөз болып отырған KAIST – Korea Advanced Institute of Science & Technology университеті. Бұл оқу орны әлемде және жаһандық академиялық қоғамдастықта электротехника, информатика, машина жасау және инженерия салаларындағы инновациялық зерттеулері мен әзірлемелерімен танымал.
"Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары кезінде келісімге қол қойылды. Бізде ауданы 120 га ядролық физика институты бар, филиал соның жанынан ашылады. Бұл Оңтүстік Кореяның ең танымал ұлттық зерттеу университеті, соңғы 50 жылда ашылған әлемдегі ең үздік үштіктің қатарына кіреді", - деді Саясат Нұрбек.
Министр баспасөз турын ұйымдастыруға және осы ғылыми ынтымақтастықтың әлеуетін ашып көрсетуге уәде берді.
KAIST Қазақстанға өзінің оқу бағдарламаларын тегін беретіні атап өтілді. Мұндай келісім екі ел президенттерінің қолдауымен қабылданды.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрі 2024 жылғы 11 шілдедегі бұйрықпен жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.