Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы 8 жылға сотталды
Антикор мәліметтеріне сүйенсек, Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылды.
Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.
"Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденді",- делінген соттың хабарламасында.
Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа – 7 жыл және Жетпісовке – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.
Үкімді жария ету Түркістан қаласының Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен Жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өтті.
Бұған дейін Тараз әкімдігі қызметкерлеріне 100 миллион теңгеден астам ақша ұрлады деген айып тағылды.