Түркістан облысында 16 жастағы қыз селфиге түсемін деп таудан құлап, өзенге батып кетті
Сурет: primeminister.kz
Түркістан облысында 31 шілдеде құтқарушылар селфи жасаймын деп өзенге батып кеткен 16 жасар қыздың денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмның денесі оқиға орнынан 500 метр қашықтықта, өзеннің ағыс бойымен төменгі жақтан табылды, деп жазады otyrar.kz.
"Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны демалыс күні достарымен Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне барған. Тауда сарқырап ағып жатқан өзен тұсында ол селфиге түспек болады. Сол кезде оның аяғы тайып кетіп, мұздай суға құлайды", делінген хабарламада.
Қыздың денесі үш күн бойына іздестірілді. Құтқарушылардың жұмысын өзеннің қатты ағыны мен судың тастай суық болуы қиындатқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript