Өскеменде отқа оранған көпқабатты үйден 35 адам эвакуацияланды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
28 тамызда Өскемен қаласында он қабатты тұрғын үйдің жануы кезінде өрт сөндірушілер 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Келген өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен түтін аймағынан 35 тұрғынды , оның ішінде 7 бала эвакуациялады.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Сондай-ақ, ШҚО полицейлері әккі пәтер ұрысын ұстағаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript