ШҚО әкімі: Шахтада опат болған жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі
Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды. Оқиға орнына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері жіберілді. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Айта кетсек, бір күн бұрын, яғни 2024 жылы 31 тамызда шамамен сағат 17.30-да ШҚО-дағы Ертіс шахтасында төрт жұмысшы қаза тапты. Марқұмның екеуі аталған шахта жұмысшылары, тағы екеуі мердігер ұйымнан болып табылады. Апаттың алдын ала себебі - газбен улану. Сондай-ақ зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр.
Сондай-ақ 1 қыркүйекке қараған түні ШҚО-дағы Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды.