Гаитиде 6 мыңнан астам адам үйін тастай қашты
Фото: Министерство обороны РК
Гаитиде 6 мың 300-дей адам үйін тастап кетті. Олардың үдере көшуіне қаруланған қылмыстық топтың Понт-Сонда қаласында 70 адамды атып өлтіруі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір босқындарға үкіметтік емес ұйым азық-түлік таратып жатыр.
Айта кетсек, Гаити астанасы Порт-е-Пренстің 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында.
Қарулы ұйымдар негізгі жолдарды басып алып, өзара жауласып жатқандықтан, тауар тасымалдау қиындаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Елдің 11 млн-нан астам халқының жартысы аштыққа ұшырап жатыр.
Ал жергілікті билік қылмыскерлермен күреске элиталық полицияны да жұмылдырғанын мәлімдеп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript