Депутаттар зейнетақы мәселесін қайта қарауды ұсынды
2022 жылы зейнетақы қорындағы жеткілікті шекті көлемнің екі есеге артатыны белгілі болғалы халық наразы. Бұл наразылықты депутаттар да қолдай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халық қалаулыларының пікірінше, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры бұл шешімді өз беттерінше қабылдаған. Сондықтан Үкімет депутаттардың осы сипатта даярлап, жіберген сауалын қабылдап, заң жобасын әлі де қарастыруы тиіс, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.
Айта кетсек, күні кеше Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеме жасап, «2022 жылы шекті мөлшер екі есеге артатын болса, қарттыққа жинаған бір бөлігін тек қана 180 мың адам шешіп ала алады» деген болатын. Ал сәл бұрын зейнетақы қорының төрағасы Жанат Құрманов Ержан Біржановтан өзге сандарды айтқан еді. Оның айтуынша, мұндай адамдардың саны 582 мыңға жетеді. Демек, вице-министр мен қор басшысы келтірген сандардың арасындағы айырмада 400 мың адам бар. Жалпы, қос ұйымның бір-біріне қайшы мәлімдемелері мұнымен бітпейді. Кеше әлеуметтік сала министрі Серік Шәпкеновтың қоластындағылар «зейнетақының шектік мөлшерін біз ұлғайтқан жоқпыз» деп, барлығын зейнетақы қорының басшылығына жауып еді. Енді бүгін айтқандарынан тайқып шықты. Сөйтті де «кешегі ақпаратты таратқан мамандық жазаладық» деп ақталды. Экономист Меруерт Махмұтова шектік мөлшерді кім өсірсе де қателік жол берген деген пікірде.
Дәл өз басым осыны үлкен қате деп санаймын. Себебі, халықтың билікке деген мүлдем сенімі болмаса, осындай шешімдер әбден құртады. Үн-Түнсіз осындай шешімдерін қабылдаған дұрыс емес. Экономист Меруерт Махмұтова
Ал депутаттар осы мәселенің ізінен түсіп, шешімнің шикі екендігін үкіметтегілерге жеткізбекші.
Негізінде бұндай маңызды, 11 миллион халыққа қатысы бар мәселені олар міндетті түрде басқа мемлекеттік органдармен ақылдасып, қоғамға ашық түрде шығарып дәлелдеуі керек еді. Нақты сандармен. Бір айтатыным, БЗЖҚ басқа біреудің, не мемлекеттік қордың ақшасы емес, бұл - елдің қаражаты. Әрбір соманың өзінің шоты бар. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев
Бұл - Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының тірлігі. Олар өз беттерінше бұл шешімді қабылдапты. Меніңше, Үкімет депутаттардың жіберген сауалын қабылдап, заң жобасын әлі де түзетеміз. Мәжіліс депутаты Шамиль Осин
«Зейнетақы қорынан ақша алатындардың басым бөлігі алып қойды» деп жатыр. Дегенмен, бұл мәселеге қайта оралу керек деп ойлаймын. Себебі, қандай да бір азаматтардың құқықтары бірдей болуы тиіс, бірдей қорғалуы керек. Сондықтан да оның екі есеге көтерілу мәселесі әлі келесі күннің еншісінде. Сондықтан бұл мәселеге қайта оралу керек. Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов
Ал халық , жыл соңына дейін қалған қаржысын зейнетақы қорынан шығарып алмақ. Әр түрлі айла әрекетке көшуі де мүмкін. Себебі, тіс емханаларын іздеп жүргендер қатары көбейді.
СТОМАТОЛОГИЯ
- Біз ақша шеше алмаймыз. Көбісі: «Бізге ақша шешіп беріңізші» деп келіп жатыр.
- Сонда қалай?
- Ол 1 миллион ақша алады. 100 мыңға тіс салады да 900 мыңын өзі алғысы келеді. Ондай істемейміз біз!.
- Жоқ, жоқ...
- Олай мүмкін емес пе?
- Жоқ!
"Сіздің сұрап отырғаныңызды түсіндім. Бізде ондай жоқ. Жаңа ғана жиналыс өтті, қатаң түрде қадап ескертті. Біріншіден, бұл қылмыстық қудаланатын іс. Осындай жауапкершіліктен қорықпай, тәуекелге бас тігетіндер болуы мүмкін. Біз ондай емеспіз".
Айта кетейік, соңғы күндері Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының ресми сайты жиі істен шығуда. Өйткені жаңалық елге тараған бойдан зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдануға 46 мың өтініш келіп түскен. Жалпы желтоқсанға дейін жинақтарын 338 499 адам қолданып үлгерген. Бұл - шамамен 1,68 триллион теңге.