Нығматулин Румыния Парламенті сенаты Төрағасының орынбасарын қабылдады
Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, экономикалық серіктес ел екенін атап өтті.
Палата спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуындағы шешуші рөлді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарды. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыниямен әріптестікті кеңейтуге үлкен мән береді.
Сурет: Ж. Жұмабеков
Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел және парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Румыния Республикасы Парламенті сенаты Төрағасының орынбасары Алина- Штефания Горгиу
Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.