Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Instagram/bekbolat.tleukhan
Мәжіліс отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның мандатынан бас тартуға өзі өтініш бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.
Осыған орай мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутат Бекболат Тілеуханның алдағы қызметіне табыс тілеп , Алғыс хат тапсырды.
Бекболат Қанайұлының баршаңыз жақсы білесіздер. Елімізде , халқымызда танымал тұлға. Бүгін де Бекболат Тілеуханның білмейтін қазақ жоқ жесек артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнерде немесе қоғамдық өмірде болсын, үлкен абырой жинап келе жатқан азаматтардың бірі. Бірнеше шақырылым Мәжіліс депутаты болды. Халыққа қажетті заңдарды қабылдауға ықпал етті. Әсіресе әлеуметтік-мәдени даму жолында Бекболат Қанайұлының еңбегі зор. Енді міне, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Сондықтан әріптесімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да зор денсаулық, жаңа қызметте табыс тілеймізМәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин
Өз кезегінде экс-депутат Елбасына, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.
Қадірлі әріптестер! Қадірлі Нұрлан Зайроллаұлы! Асыра мақтап айтыпсыз. Бірақ осы асыра мақтауға лайықпын ба дегенге күмәнім бар. Дегенмен ағалық ниетіңізге, әріптестік көңіліңізге шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздермен жұмыс істеген сәтім – өмірімнің бір белесі, кезеңі. Тайымда танып, тұлпардай қылып қосқан әуелі Елбасыма рахмет! Нұрағамыздың бастаған жолын ары қарай жалғастырып жатқан, мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының осы қамқорлығына, марапаттарына шексіз алғысымды білдіремін. Сіздермен істеген кезең, Парламент қабырғасындағы өмірім өте бір сәтті кезең деп білем. Қай жерде мемлекетке пайдам көбірек тиеді – сол жерде болғанды міндет деп танып, өмірдің келесі кезеңіне қадам басып жатырмын. Біраз жұмыс істедік. Артық-ауыз сөзім мен жаза басқан кезім болса, кейбір әріптестерімнен кешірім сұраймын, ғафу өтінем.Бекболат Тілеухан
Сөз соңында ол әріптестеріне өтінішін білдіріп, тілегін жаудырды.
Қазақ дейтін ұлттың тілінің, мәдениетінің, тарихының, ғылымының, руханиятының, салт-дәстүрінің Қазақстан Республикасынан басқа барар-жер, басар тауы жоқ. Қазақ бір шабуылшы жұрт емес, қорғанушы жұрт. Тарихта есесі кеткен жұрт. Осы нәрсені естеріңізде болып, есіркей қараған, парасат көздеріңіз, анау жүректеріңіздің түкпірінде тарихи санамен, мемлекетшіл оймен, әрқашан жүректеріңіздің түкпірінде тұрса екен деген депутат ретінде емес, сайлаушы ретінде бір аманатым бар. Өтінішім бар. Істеріңізге береке тілеймін. Тәңірдің рақымы болсын, сіздерге! Ассалаумағалейкүм. Рахмет!Бекболат Тілеухан
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript