Оқулықта мемлекеттік рәміз авторларының аты-жөні қате жазылған - депутат
Сурет: Zakon.kz
Мектеп оқулығында мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған. Тағы бір оқулықта атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты-жөні мүлдем аталмай қалған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс қабырғасында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген қазақ мектептерінің 4-сыныпқа арналған орыс тілі оқулығындағы қателер туралы бұған дейін де депутаттық сауал жолдағанын айтады. Алайда әлі күнге дейін Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге нақты жауап бермепті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Мемлекеттік тудың авторы Шакен Ниязбековтің тегі Ниязбаев деп жазылған. Кейінгі екі жылда 40 мың таралымда бұл қателік түзетілсе де, мемлекеттік әнұран авторларының бірі − атақты композитор Шәмші Қалдаяқов мүлдем енбей қалған. Міне, осы мәселені көтеріп жазған депутаттық сауалымызға Білім және ғылым бірінші вице-министрінен келген жауапқа қанағаттанбаймыз. Олар жауапта министрліктің атқарып отырған жұмысын жіпке тізіп шыққан. Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript