Мәжілістегілер қайғылы оқиғада қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды
Сурет: Ж.Жұмабеков
10 қаңтарда Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтті. Отырыс бір минуттық үнсіздікпен басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 10 қаңтарда елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануына орай, депутаттар қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Барлық депутаттардың атынан еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, ортаға қосылуына тілек білдіреміз. Жағдай Мемлекет басшымыздың толықтай бақылауында. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript