Парламент Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын алып тастауды қолдады
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесі және Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айыру қарастырылған.
Бұған дейін заң жобасына сенат депуттаттары бұдан басқа да өзгерістер енгізген еді. Атап айтқанда, сенаторлар ҚР "Тұңғыш президенті туралы" заңдағы "Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісіледі" деген бапты да алып тастауды ұсынып, Заң жобасы мақұлдау үшін мәжіліске қайтарды. Бүгін Мәжіліс депутаттары сенат енгізген түзетулерді қолдады.
Осылайша, Заң қабылданды деп есептеледі және мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығын 2018 жылдың шілдесінде иеленді.
2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруды өз қолына алды.