Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаты Жаңаөзенге байланысты Үкімет басшысына сауал жолдады

Депутаттық сауал, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 21:47 Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Алпыс жылдай тарихы бар Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты Үкімет басшысына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев өңір үшін ең басты өзекті мәселе - жұмыссыздық жайын көтерді.

«Қара алтынды» игеру арқылы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып отырған бұл шаһар, Қазақстан демографиясының қарқынды өсуіне де оң ықпал етіп отыр. 2001 жылы қала тұрғындарының саны 66 мың адам болса, 2022 жылдың басында 163 мыңға жетті. Яғни жиырма жылда тұрғындар саны 100 мың адамға көбейген. Бірақ, халық саны көбейгенімен, өндіріс ошақтары дамымай, тұрғындарды жұмыспен қамту, ең өзекті мәселеге айналды. Қазіргі таңда, Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар саны 8 мың адамнан асқан. Мәжіліс депутаты

Оның айтуынша, бюджеттен қыруар қаржы бөлінгенімен, қабылданған шаралар түбегейлі Жаңаөзен қаласындағы қордаланып қалған сұрақтарды шешкен жоқ.

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін Үкімет тарапынан мұнайшылар қаласын дамытуға арналған кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында қыруар қаржы бөлініп, қаладағы үйлердің сырты жеңіл-желпі әрленіп, әр жерден инжинерлік желілер ауыстырылып, көшеде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бірақ, бұл шаралар түбегейлі Жаңаөзен қаласындағы қордаланып қалған сұрақтарды шешкен жоқ. Ал Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» АҚ қарайтын мұнай-газ компанияларына жұмысқа алуға қатысты мораторий және жұмысшыларды 5/50 бағдарламасымен жұмыстан шығару жалғыз Жаңаөзен қаласында емес, бүкіл облыс деңгейінде әлеуметтік жағдайды ушықтырып жіберді. Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев

Депутат 2019 жылы Үкімет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамның сырттан импортталатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерді Жаңаөзен қаласында оқшаулау бойынша жұмыстарды бастағанын баса айтты. Негізгі мақсаты жұмыс нысандарын Жаңаөзен қаласында салу және 100% жаңаөзендіктерді жұмысқа алу болатын. Алайда бұл жобалар «Өзенмұнайгаз» бен Самұрық Қазына қорының тарапынан бюрократиялық кедергілерге тап болып,  нәтижесінде идея, тек жақсы идея болып қалды да, жұмыс орындары сол күйі ашылған жоқ.

Тағы бір мәселе. Жаңаөзен қаласында 2011 жылдан бері мемлекет есебінен 1 шаршы метр тұрғын үй салынбады. Керісінше, Үкіметтің саясаты қала халқын басқа өңірлерге көшіру болды. Бірақ, ол оң нәтиже берген жоқ. Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев

Өз депутаттық сауалында ол Жаңаөзен қаласының мәселесі тек әлеуметтік-экономикалық мәселе емес, саяси мәселеге айналғанын, сондықтан Маңғыстаудан сайланған Мәжіліс депутаттары келесі шешімдерді ұсынады:

  1. Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыз азаматтардың нақты тізімін жасақтау және ол ашық болуы үшін цифрлық платформаға енгізу.

  2. Жақын арада жұмыссыздық мәселесін шешу үшін «Өзенмұнайгазға» қызмет көрсетіп отырған 7-8 сервистік компаниялардың айналасынан аутсорсинг мекемелерді құрып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды жұмыспен қамту.

  3. Тиісті мамандығы бар жұмыссыз азаматтарды Маңғыстау облысындағы және басқа өңірлердегі компанияларға жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарау.

  4. Жаңаөзенді кешенді дамыту үшін қаланың бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспар жобасын әзірлеп, жаңа қала құрылысын Кендірлі бағытына қарай салуды қолға алу. 

  5. Жаңаөзен өндірістік аймағында «Арнайы экономикалық аймақ» құрып, кәсіпкерліктің дамуына тың серпіліс беру. 

  6. Маңғыстауда ашуға жоспарланып отырған шетелдік жоғары оқу орнының филиалын Жаңаөзен қаласында ашу.

  7. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның импортын оқшаулау жобасын іске асыру үшін тиісті Ережені наурыз айына дейін бекітіп, сәуір айына дейін жобаға қатысатын жергілікті компанияларды анықтау және олардың жобаларына жан-жақты қолдау көрсету.

  8. Жаңаөзен қаласында қандай да бір кәсіп ашуға ниеттенген азаматтарға, екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржылық институттардан пайыздық мөлшері жылдық 2-3% аспайтын көлемде несие беруді жолға қою.

  9. Бүгінгі таңда Өзенмұнайгазға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отырғаны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының  жұмысындағы жасанды әкімшілік кедергілердің барлығын жоюды ұсынамыз.

  10. «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл сайын Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 750 млн теңге көлемінде қаржы бөліп келеді. Бұл «Өзенмұнайгаздың» мұнайдан түсетін жылдық пайдасының 0,5% ғана екенін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бөлінетін қаржының көлемін кем дегенде 5-10 есеге дейін ұлғайту қажет.    

  11. Президент тапсырмасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін реттейтін Үкіметтік комиссия құрылып, жергілікті жерде жұмыс атқаруы тиіс.  

Ең бастысы халқы жыл сайын өсіп келе жатқан Жаңаөзеннің тағдырына Үкімет бейжай қарамауы тиіс деп есептейміз. Жаңа Қазақстанды - Жаңаөзенді дамытудан бастауымыз қажет! Құрметті Әлихан Асханұлы, осы депутаттық сауалды заңнамада белгіленген мерзімде қарастырып жауап беруіңізді сұраймыз. Мәжіліс депутаты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: