Мәжіліс екі депутат пен ОСК бір мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжілісте депутаттар Сергей Решетников пен Файзолла Кәменовтың, сонымен қатар ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты Кәменов Файзолла Кәменұлы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жолдады. Орталық сайлау комиссиясы өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов
Ол Сергей Решетниковтың да өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жолдағанын айтты. Бұдан бөлек отырыста Ерлан Дауылбаев ОСК мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін бергені белгілі болды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Мәжілістің 2020 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен Ерлан Дауылбаев ОСК мүшесі болып тағайындалғанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript