Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді
Сурет: qhp.kz
Жаңадан сайланған депутаттар Гауһар Нұғманова мен Махаррам Махаррамов Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіп түскен өтінішке байланысты депутаттың комитетке берген мәлімдемесін қолдауыңызды сұраймын. Гауһар Нұғманованың әлеуметтік жұмыста тәжірибесі мол.Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова
Өз кезегінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Махаррам Махаррамовтың тиісті комитет құрамына кіруге өтініш білдіргенін қосты.
Арман Қожахметов Махаррам Махаррамовтың қоғам қайраткері, заңгер екенін айтып, 6-шақырылымдағы Халық партиясының депутаты болғанын еске салды.
Жаңа мәжілісмендердің мәлімдемесін жиналған 104 депутат қолдады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тоқтасыновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript