5 мекеме қызметкерлері ғимаратты қаруымен қалдырып, кетіп қалған
Сурет: Zakon.kz
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары ғимараттарды қарумен тастап кеткен. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша ҰҚК екі полиция департаменті мен үш департаментінің басшылары өз ғимараттарынан, оның ішінде қару-жарақтарды қалдырып, шығып кеткені анықталды. Аталған фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматыдағы ҰҚК басшысы Мәжілов қамауға алынды.Берік Асылов
Бас прокурордың айтуынша, қазір басқа тұлғаларға қатысты айғақтар жиналып, сарапталып жатыр.
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Экс-министр қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript