Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Мәди Ахметов Азаматтық қорғау академиясының техникалық базасын сынға алды

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, мәжіліс депутаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2022 10:41 Сурет: ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі
Депутат Мәди Ахметов Көкшетау қаласындағы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды даярлайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

М.Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы азаматтық қорғау органдарының офицерлерін дайындайтын академияның материалдық-техникалық базасы ескірген, мысалы 570 курсантқа небәрі 30 компьютер ғана бар.

Елордағы мектептердің спорт залы академияның спорт кешенін екі орап алады, салыстыруға келмейді. Соған қарамастан, амалдың жоқтығынан тар жерге тамаша болып күнделікті жатығуларын жүргізуде.Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов

Сонымен қатар М.Ахметов академияның жатақханасы өз алдына бөлек мәселе екенін айтты.

Қазір 300 адамға арналған жатақханада 450 курсант тұрып жатыр. Ал қалған 4-курс курсанттары қаладан пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Тозығы жеткен ғимараттың терезелерінен жел гуілдеп тұр. Курсанттарға душ қарастырылмаған, тек апта соңында монша. Өмір мен өлім арасында жүріп, тілсіз жаумен, табиғи апат салдарымен күресетін, бірінші болып көмекке келетін мамандардың тиісті деңгейде білім алып, қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет. Мәди Ахметов

Сондай-ақ депутат Төтенше жағдайлар министрлігі аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қабылдауға тырысып жатқанына тоқталып, мәселені Үкімет алдында көтеретінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: