Жаңалықтар тізбегі
0

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады – Қошанов

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 21:25 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж. Жұмабеков
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Семей ядролық полигоны территориясын зерттеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі заң тұрғысында алғаш рет қолға алынып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін біз Мәжіліс отырысында «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын мақұлдадық. Оның қаралуы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай облысын құру жөніндегі шешімімен тұспа-тұс келіп отыр. Ол осы өңірдің экономикалық дамуына, экологиясының жақсаруына тың серпін береді деп сенемін. Аталған құжаттың маңызы зор. Заң жобасы полигон аумағын зерттеуге, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және пайдалануға қатысты. Бұл мәселе алғаш рет заңнамалық деңгейде реттелейін деп отыр, деп жазды Қошанов Facebook-те.

Мәжіліс төрағасы жергілікті халық осы жерлерді пайдалану жөнінде көптен бері айтып жүргеніне назар аударды. Оның айтуынша, мұнда алдымен кешенді экологиялық зерттеу жүргізіледі. Радиоактивті учаскелер анықталып, онда Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады. Сол жерлерді қалпына келтіру үшін жүйелі жұмыс атқарылады.

Мақсат – бұрынғы полигон маңында тұратын халықтың радиациялық қауіпсіздігін күшейту. Ал табиғаты ластанбаған, экологиялық ахуалы жақсы жерлер ел игілігіне қызмет етеді. Сөйтіп, жергілікті тұрғындар жайылым жерлерді пайдалана алады. Осылайша қырық жыл ядролық сынақтан зардап шеккен киелі өлке дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда, деп нақтылады Ерлан Қошанов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: