Жаңалықтар тізбегі
0

Қошанов «Алтын Орда» базары туралы: Тиісуге болмайтын ештеңе жоқ

ҚР мәжілісінің төрағасы, "Алтын орда" базары, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 14:03 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов «Алтын Орда» базары әлі тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алтын Орда» базарына қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім қабылданады деп ойлаймын, бірақ шешімді күту керек. Тиісуге болмайтын ештеңе жоқ екенін өздеріңіз де көресіздер. Осы базардың иесі немесе басшысы қылмыс жасаған болса, тиісті жазасын алады, – деді Ерлан Қошанов мәжіліс кулуарында.

8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы сауда саласында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Мысал ретінде ол Алматыдағы «Алтын Орда» базарын келтірді.

Сәуірдің 13-і күні «Алтын Орда» базарында жүргізілген тексерудің алдын ала қорытындысы белгілі болды. Салық органдарының өкілдері 1,6 млрд теңгеге заң бұзушылықты анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: