Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер жазаға тартылады
Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстандағы қаржы пирамидаларына қатысты заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қаржы пирамидалары – еліміздің барлық өңіріндегі зор проблема. Халық танымал вайнерлер, әртістер мен қоғамдық пікір тудырушылар жарнамалайтын нәрсеге сенеді. Соңғы ақшасын ала жүгіреді, соның салдарын көріп отырмыз.Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов
Мәжіліс спикері тиісті заң жобасы әзірленгенін, көп ұзамай қабылданатынын айтты.
Заң жобасын жақын арада қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық схема екенін біле тұра, қаржылық пирамидаларды жарнамалап жүрген өнерпаздардың, вайнерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық жауапкершілік белгілеп жатырмыз.Ерлан Қошанов
Еске салсақ, 2022 жылғы ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов пен Азизжан Саидбаев қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.
Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының салымшысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін мәлімдеді.
20 сәуірде Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript