Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» заң жобасын жұмысқа алды
Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл Конституциялық заң жобасын республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын сайлауда қолданылатын сайлау бюллетеньдерімен біріздендіру мақсатында Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары әзірледі. Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерге қойылатын талаптарды регламенттейтін ережені қамтиды. Бұл дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды.Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң жобасының бүгін жалпы отырыста қаралатынын айтып, оны күн тәртібіне енгізуді сұрады.
Еске салайық, 29 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.
Бұл ретте мемлекет басшысы: «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және біздің жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады».
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript