Жаңалықтар тізбегі
0

Су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрге жетуі мүмкін – Қошанов

ҚР парламенті мәжілісі, мәжіліс төрағасы, су тапшылығы, Су кодексі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 12:19 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов парламенттік тыңдауда Қазақстанға су тапшылығы қаупі төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерлан Қошанов БҰҰ бағалауынша, әлемде әрбір бесінші тұрғын су тапшылығын көріп отырғанын тілге тиек етті.

БҰҰ бас хатшысының болашақта су мұнайдан да қымбат болады деген сөзі бүгінгі күні шындыққа айналып барады. Енді сарапшылардың пікіріне сәйкес, жыл сайын адамзаттың су ресурсына қажеттілігі шамамен 1 пайызға артады. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігі су ресурстарымен толық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысы еліміздің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және қорғау – мемлекеттің басым міндеті екенін бірнеше рет атап өтті. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов

Қошанов Қазақстандағы жағдайға да тоқталып өтті.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады. Ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрге жетуі мүмкін. Бұған әсер етуші факторлар жетерлік. Халық санының өсуі, экономикалық дамудағы ерекшеліктер мен басқа да себептер ықпал етіп отыр. Ауыл шаруашылығы – суды ең көп тұтынатын сала. Ерлан Қошанов

Спикер 1 543 ауыл немесе 544 мың адам таза сумен қамтамасыз етілмегенін атап өтті.

Осыған байланысты мәжіліс төрағасы бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту қажет екенін айтты.

Ішкі су саясаты күшті болмаса, көрші елдермен тиімді су дипломатиясын жолға қою мүмкін емес. Қазақстан аумағының сумен қамтамасыз етілуі өзен ағысы бойынша жоғары орналасқан көрші мемлекеттердің су саясатына байланысты. Сондықтан трансшекаралық нысандарды бірлесіп пайдалануға, мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіруге экологиялық қана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде қараған жөн. Көрші елдермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор болуы тиіс.Ерлан Қошанов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: