Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын жұмысқа алды

Қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 11:42 Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын жұмысқа алды. Оған сай қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов ұсынылған заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленгенін айтты.

Заң жобасының мақсаты - Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4 қаңтардан 7 қаңтарға дейін жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе олардың жолын кесу кезеңiнде жүргiзiлген адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындайтын жазаның мерзiмiн қысқарту.Арман Қожахметов

Ол бұл құжаттың азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған тұлғаларға мемлекет пен қоғам тарапынан жасалған мейірімділік пен ізгілік актісі екенін қосты.

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады. Бұл ретте мемлекет басшысы рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сонымен қатар мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға әсер етпейтінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: