Майнерлерге лицензия: мәжілісте жаңа заң жобасы қаралды
Майнерлердің қызметін реттейтін заң жобасы - мәжілісмендердің өздерінің бастамасы. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының цифрлық майнинг компанияларын құқықтық реттеу проблемалары бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Олардың басты мақсаты – цифрлық активтерді өндіру мен айналымы үшін заңнамалық базаны құру.
Майнерлер Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушыларына айналып жатыр. Бұған дейін майнингті негізінен резидент еместер бұлттық қызметтерде жүзеге асырды. Қазақстан блокчейн индустриясының шикізат қосымшасы ретінде пайдаланылды. Заң жобалары бойынша біз майнерлерді Қазақстанда лицензия алуға, яғни заңды тұлға ретінде құрылуға және толыққанды салық салу субъектісіне айналуға міндеттейміз.Екатерина Смышляева
Майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналып жатыр. Майнерлер қызметін Цифрландыру министрлігі реттейді және лицензиялайды. Ал криптовалютаны енгізу кезеңі "Астана" халықаралық қаржы орталығының құзырында жүзеге асырылады деп болжанды.
Осылайша Қазақстанның қаржы жүйесі үшін болуы мүмкін тәуекелдердің алдын алу болды. Өйткені Қазақстанда криптовалюта төлем құралы болып саналмайды, оның айналымына тыйым салынады.
Заң жобасы бірінші оқылымда сәтті өтті. Ол бойынша мәжілісте жұмыс жалғасып жатыр.