Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокурор: Дикий Арманға ҰҚК кураторы тапсырма беріп отырған

Қаңтар, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 11:09 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылы бір жыл бойы жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бір жыл бойы тапсырманы орындаушылар радикал шаралар қолдануға жасырын дайындалумен болған.

"Қылмыскерлердің арасында ұйымдасқан қылмыстық топтар да бар. Олар адам жинап, қаруланып, рация мен көлік сатып алған. Тергеу бұл диверсиялық жұмысты белгілі бір күш құрылымдарының қадағалағанын анықтады", – деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында.

Бас прокурор тергеу версиясы бойынша, Алматыда Жұмагелдиев (лақап аты Дикий Арман) ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Оның сөзінше, Жұмагелдиевтің әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестірген.

"Ол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, адамдар тобын басқаруды өз қолына алып, билікке бұлтартпас талап қою үшін "халық кеңесі" дегенді құруы тиіс болған. Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, сондай-ақ қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйіне келуші бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Халық оларға ермеген". Берік Асылов


ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының ұсталғаны туралы ақпарат алған соң, сенімді алиби жасау мақсатында, мародерлермен күресті желеу етіп, содырларға қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылған.

"Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналған топты бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптарын қою үшін "халық кеңесін" құруы керек болды. Бұл жолда оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты мен қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйіне келген қарақшыларға қару-жарақ таратқан. Алайда жаппай наразылықты олар басқара алмады, өйткені халық оларға ерген жоқ".Берік Асылов

Оның айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы хабар алған олар сенімді алиби жасау үшін қарақшыларға тонаушылыққа қарсу күресіп жатқан болып қала тұрғындарына тап беру тапсырылған.

"Сол үшін 6 қаңтарда олар қаланың әр жерінен 24 кездейсоқ адамды ұрлап кеткен, сосын Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақ үйлерінің паркингінде оларды ұрып-соғып, ұстап отырған. Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен. Сосын оларды әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған. Осы фактілер бойынша тергеуді аяқтадық. Қазір құжаттармен танысуда".Берік Асылов




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: