Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақырды

ҚР Парламенті, мәжіліс, сенат, палаталардың бірлескен отырысы, Тұңғыш Президент туралы заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 16:20 Сурет: primeminister.kz
11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

11 қаңтар күні Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды деп шешім шығарды.

ҚР Парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою тәртібін түсіндірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: